«Павлодар-Астана» электропойызының бағыты Бурабай мен Көкшетауға дейін ұзартылды

0
80
Фото: t.me/railways_kz

Жолаушылардың ыңғайлылығы үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ 28 маусымнан бастап жазғы кезеңге №7509/7510 «Павлодар-Астана» электропойызының бағытын Көкшетау мен Бурабай курорты станциясына дейін ұзартты,

Павлодардан Астанаға дейін пойыз №7509/7510 нөмірімен, содан соң №6805/6806 нөмірімен қатынайды. Электропойыз Павлодардан сағат 10:57-де, Астанадан сағат 18:30-да шығады. Пойыз Бурабайға сағат 21:20-да, ал Көкшетауға сағат 22:31-де жетеді. Кері бағытта Көкшетаудан сағат 11:50-де шығып, Бурабайдан сағат 12:55-те, Астанадан сағат 16:45-те жүреді. Павлодарға пойыз сағат 23:31-де келеді.

Пойыз жаздың соңына дейін аптасына екі рет: жұма және жексенбі күндері қатынайды.

Павлодардан Бурабай станциясына дейінгі жол жүру құны: 1-класстағы вагондарда – 8 012 теңге, 2-класстағы вагондарда – 7 480 теңге, 3-класстағы вагондарда – 6 184 теңге.

Комиссиясыз билеттерді https://bilet.railways.kz сайты немесе «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында сатып алуға болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ