Рахмонов пен Махачев жекпе-жекке шығуы мүмкін

0
135
Фото: sport-express.ru, Chris Unger
UFC ресейлік файтерді белбеуін қорғауға міндеттеу керек, – деді Чейл Сон

Келесі жылы аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов тағы бір үлкен жекпе-жекке шығуы мүмкін. Бұл туралы бұрын өзі UFC-де октагонға шыққан, ал қазір аралас жекпе-жектің сарапшысы болып жүрген Чейл Сон айтты. Оның айтуынша, жартылай орта салмақтағы Шавкат Рахмонов жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Ислам Махачевпен жекпе-жекке шығуға тиіс.

Махачев октагонға 26 рет шығып, соның біреуінде ғана жеңілген. Басқа айқастарда қарсыластарын жеңген.

Ислам Махачев Александр Волкановскиге бір емес, екі рет мүмкіндік бергенін айтқан. Сол сөз есіңізде ме? Ол биыл оған екі рет мүмкіндік берген. Ол осындай мүмкіндікті өзіне де бергенін қалайды екен. Өйткені Махачевтің өзі жартылай орта салмақта айқасқа түскісі келеді.

Ислам Махачев пен Леон Эдвардстің жекпе-жегіне келсем, олар да октагонда қолғап түйістіруі мүмкін.  Жалпы, білесіздер ме, UFC Madison Square Garden алаңында Исламды белбеуін қорғауға міндеттеу керек. Ал титулды жекпе-жекте Махачев Шавкат Рахмоновпен жұдырықтасуы керек деп ойлаймын. UFC Махачевтің жартылай орта салмаққа қосылуы туралы ойлануы керек. Әйтпесе, бір жағынан алып қарасаңыз, тұла бойында күш тасып тұрған жігіт мүмкіндігін пайдаланбай қалса, обал-ақ, – деді Соннен өзінің YouTube арнасында.

Сонымен бірге ол Шавкат Рахмонов туралы өз ойын айтып, қазақ файтерінің болашағы зор екенін жасырмады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ