Шығыс Қазақстанда үшем дүниеге келді

0
92
Фото: ДСМ

Шығыс Қазақстан облысында екі отбасында үшем дүниеге келді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.

28 жастағы Шемонаиха тұрғыны Марина Строкань мен оның жұбайы 3 баланың ата-анасы болды.

Жүктіліктің 34-аптасында жас ананың София, Виктория және Дарья атты қыздары дүниеге келді. Босану кесарь тілігі арқылы іске асырылды. Бұл – отбасындағы тұңғыш балалар.

Қыздардың атын әкесі қойды, – деді жас ана қуанышын жасыра алмай.

Марина Строкань келесі аптада перзентханадан шығамыз деп үміттеніп отыр. Себебі қыздардың салмағы – 2 келі.

Сондай-ақ Өскемен қаласының тұрғыны Жансая Ахмадиева үшемнің анасы атанды. Оның күйеуі 9 жылға жуық әке болуды армандапты.

Биыл репродуктивті технологиял мен «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында жас әйел балаларын дүниеген әкелді. Ол әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан квотаның есебінен қымбат тұратын ЭКҰ рәсімінен тегін өтті.

Ата-ана балаларға Ералы, Ерасыл және Зере деп ат қойды.

Ұлдарым мазасыз. Қазірдің өзінде мінез көрсетіп жатыр. Қызым өзіме ұқсайды, салмақты, – деді үшемнің анасы.

Жалпы, жыл басынан бері ШҚО-да 3 үшем туған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ