«СOVID-19 жұқтырғандар саны 2 өсті». Қазақстандықтар маска тағып жүруге тиіс

0
2981
Фото: ТАСС/Смитюк Юрий

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 2 есе өсті. Енді тұрғындар жабық ғимараттарда және қоғамдық көліктерде маска тағып жүруге тиіс. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлады zamandas.kz.

ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 2024 жылғы қаңтарда (былтырғы желтоқсанмен салыстырғанда) коронавирус (СOVID-19) жұқтырған қазақстандықтардың саны 2,5 есе өсіп, 477 адамға жетті. 2023 жылғы желтоқсанда 187 адам коронавирус жұқтырған. СOVID-19 жұқтырғандардың ең көп саны – Алматы (143 адам) және Астанада (74 адам).

Биыл 26 қаңтар-1 ақпан аралығында Қазақстанда жалпы 155 адам (144 жағдай КВИ+, 11 жағдай КВИ-) СOVID-19 жұқтырды. Бір аптада ауру жұқтырғындар 26 адамға өсті.

Бас санитар дәрігер қазір жағдайдың бақылауда екенін жеткізді.

Омикрон штамы тарап жатыр. Ауру жеңіл түрде өтуде. Ауруханаға жатқызу деңгейі, өлім-жітім көрсеткіші өзгерген жоқ. Астанаға тоқталайын. Биыл қаңтарда былтырғы желтоқсанмен салыстырғанда, сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Өсім айтарлықтай емес. Бүгінде (СOVID-19 жұқтырған) 3 науқас ауруханада емделіп жатыр. Еліміз «жасыл» аймақта, – деді вице-министр.

ДСМ ауру жұқтыру көрсеткішінің өсуіне қарамастан карантин шектеуі енгізілмейтінін хабарлады.

Соңғы айда коронавирус жұқтырғандар санының өскені байқалады. Сонымен қатар ЖРВИ және тұмаудың эпидмаусымы жүріп жатыр. Осыны ескеріп, адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, медициналық ұйымдарға барғанда, науқаспен байланыста болғанда маска тағып жүруге кеңес береміз, – деп жазылған Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті таратқан хабарламада.

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, биыл алғаш рет ЖРВИ және тұмаудың эпидмаусымында COVID-19 жұқтырғандар саны артып жатыр. Алайда алдағы уақытта эпидемиологиялық жағдай тұрақталады.

Ақпанда сырқаттанушылықтың екінші толқыны басталады. Содан кейін ауру жұқтыру көрсеткіші төмендейді. Соңғы 2 айда ЖРВИ және тұмау жұқтыру көрсетші 7 пайызға өсті және коронинавирус жұқтырғандардың да саны артты. Осыны және тұрақсыз ауа райын ескеріп, бас мемлекеттік санитар дәрігер ретінде қаулы жариялаймын. Біз жабық ғимараттарда және адам көп жиналатын орындарды маска тағып жүруге кеңес береміз. Қаулы ұсынымдық сипатта болады, – деді министрдің орынбасары.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ