Тәттіні көп жесе де, семіртпейтін препарат шықты

0
578

CPACC деп аталатын препарат дене салмағын бақылауда ұстауға көмектесетіні анықталды. Тіпті, жаңа дәрі құрамында қант жоғары тағамдарды ұзақ уақыт тұтынған кезде де тиімділігін көрсеткен. Бұл туралы Cell зерттеу орталығы хабарлады.

Семіздікке қарсы дәрі

Елестетіп көріңіз, көп адам жегісі келетін көмірсуы жоғары тағамдардан бас тартпай, сымбатты әрі сау болуға бола ма? Ғалымдар осындай препарат жасап шығарды. Бірақ әзірге тек тышқандарға сынақ жүргізілген.

Бұл сиқырлы препарат «CPACC» деп аталады. Оны әзірлеген ғалымдар жақында зерттеуін жариялады. Тышқандарға жүргізілген сынақ кезінде CPACC салмақты бақылауда ұстай алатыны анықталды. Сонымен қатар бұл әдетте бауырдың зақымдалуына және қант диабеті сияқты ауруларға әкелетін диеталық стресті болдырмайтыны анықталды.

Жаңа дәрі қалай жұмыс істейді?

Препарат магнийді дене жасушаларының митохондрияларына тасымалдауға жауап беретін MRS2 генінің белсенділігін тежейді. Бұл май мен қант метаболизмін тиімдірек өндіруге мүмкіндік береді.

Тәжірибе зиянды диетада өмір сүрген тышқандарға жүргізілген. Нәтижесінде, олардың бәрі арықтай бастаған және бауырға теріс әсер етпегені белгілі болды.

«Бұл инфаркт және инсульт сияқты кардиометаболикалық аурулардың қаупін азайтатын, сондай-ақ бауыр ісігінің жиілігін төмендететін дәрі», – деді әзірлеме авторы Мадеш Муисвами.

Дегенмен ғалымдар дәріге қосымша зерттеулер мен қауіпсіздік сынақтары қажет екенін айтты. Бұл алдағы уақытта семіздікпен  және оның зиянды әсерімен күресуге қолданылуы мүмкін.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ