Талдықорғанда шенеунік тұрғын үй салуға бөлінген қомақты қаражатты жымқырған

0
375
Фото: Halyq Uni

Талдықорғанда 2 көпқабатты тұрғын үй салу кезінде бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды, деп хабарлады Жетісу облысының прокуратурасы.

Қылмыстық тергеуді арнайы прокурорлар жүргізген.

Талдықорған қаласы құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғасы мердігермен алдын ала сөз байласып, 250 млн теңгеден аса сомаға атқарылған жұмыс туралы жалған актілерге қол қою арқылы аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған.

Сот үкімімен 3 айыпталушы, оның ішінде әкімдік қызметкері Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-тармағы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ