Тиянақсыз мердігер тендерді қалай ұтады?

0
229

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Қазақстан халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамтуды тапсырған еді. Өңірде қазір 177 елді мекен таза ауыз суға жарымай отыр.

стың бірнеше ауданында ауыз сумен жабдықтау жүйелерін салу және жаңғырту бағытында алты жобаны жүзеге асыруда. Бұл жұмысқа 2 млрд теңгеден аса бюджет қаражаты бағытталған. Өкінішке қарай, іс алға жылжыр емес. Осы арада нақты дерек келтіре кетелік. Зеренді ауданына қарасты Алексеевка ауылындағы сумен жабдықтау нысанын тапсыру мерзімі келісімшартта 2021 жыл деп көрсетілген. Әйтсе де, құрылыс жұмыстары күні бүгінге дейін аяқтал­ған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа ­қар­сы іс-қимыл агенттігінің облыс­тық департаментінің тексеруі кезін­де серіктестіктің мамандары мен техни­касының жоқ екені анықтал­ған. Тендерден ұтқан «Монолит» се­рік­тестігі барлық жұмысты қосал­қы мер­дігер ұйымдардың күші­мен жүргізіп жатыр. Өзінде ешбір материалдық-техникалық базасы жоқ осы серіктестік еліміздің алты облысында 27 жобаны жүзеге асырып жатқан көрінеді. Сонда мемлекеттік сатып алу конкурстары­на қалай қа­тыс­қан. Әрине, маман­дары, қажетті тех­ни­ка­лары болмағандықтан, құры­лыс жұ­мысының ұзаққа созылатыны белгілі.

Тағы бір мердігер компания – Ұлы­тау облысында тіркелген «Дәне­кер» жауапкершілігі шектеулі се­рік­тестігі. Бұл серіктестік Ерейментау ауданына қарасты Сілеті елді меке­нінде, Бұланды ауданының орта­лы­ғы Макинск қаласында, Біржан сал ауда­нындағы Үлгі ауылында сумен жабдықтау жүйелерін салумен айналысады. Жоғарыда аталған үш ны­санның жұмыс кестесінде де айта қаларлықтай артта қалушылық орын алып отыр. Біржан сал ауданының әкімі Достанбек Есжановтың айтуына қарағанда, өткен жылы компаниямен шарт жасалып, ауылда су желісін тарту құрылысын жүргізу үшін қаражат толық көлемде төленген. Алайда осы уақытқа дейін жұмыстың 38 пайызы ғана аяқталыпты. Әкімдік амалсыздан өз ісіне жауапкершілікпен қарамаған мердігермен шартты бұзып, қызмет көрсетушіні жосықсыз деп тану және тұрақсыздық айыбын өндіріп алу үшін сотқа жүгінген. Ақша өндіріліп алар, бірақ осы уақытқа дейін ауыз судың азабын тартып отырған ауыл тұрғындарына күрделі жайдың күрмеуі неліктен шешілмей отырғанын қалай түсіндіруге болады? Таяуда жаңа конкурс жарияланбақ. Ендігі мердігер өз ісіне тиянақты болса жарар еді. Целиноград ауданында да осы компаниямен жасалған шарт бұзылған. Сот шешімі бойынша серіктестікке бюджеттен төленген 40 млн теңгеге қажетті құрал-жабдықты жеткізу тапсырылған. Жалпы, «Дәнекер» серіктестігі еліміздің бірқатар облысында тапсырыс берушілердің 13 талап-арызы бойынша жосықсыз қатысушы деп танылып отыр.

Бұл тарапта сақалды құрылыс аз емес. 2017 жылдан бастап Щучье қаласындағы су желілері мен нысандарын салу және бірқатар нысанды жаңғырту, Бурабай кенті су тазарту құрылыстарын салу жұмыс­тары жалғасуда. 2018 жылдан бері Бурабай баурайындағы балаларды сауықтыру орталықтарына қажет­ті су құбырының құрылыстары жүр­гізілуде. Жұмыс кестесінің артта қа­луына байланысты бұл жобалардың көп­шілігі бүгінгі таңда түзетуді қажет етеді. Себебі құрылысқа қажетті құры­лыс материалдары кейінгі бес жыл ішінде айтарлықтай қымбаттап кетті. Мердігер компаниялардың шалағай­лығынан салмақ бюджетке түсіп жатыр. Уақытында орындалмағаннан кейін осылай болатыны түсінікті. Тек компания басшыларының халықтың қаражатына және амалсыз сапасыз су ішіп отырғанына көңіл аудармайтыны түсініксіз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ