Жаңартылған білім мазмұны – балабақшада

0
319

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі екенін айтқан болатын. Бұл ретте мектепке дейінгі білім беру жүйесінде жаңа тәсілдерді талап ететін терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алып жатыр.

Білім мазмұнының жаңаруы, жаңа инновациялық техно­логиялардың дамуы, ғылым мен білімнің интеграциялық сабақ­тасуы, педагогикалық теория­ның қарқынды өсуі, білім үр­дісінің әлем кеңістігіне бағыт­талуы саладағы өзгерістердің негізі болмақ. Еліміздің білім беру үдерісіне енген жаңар­тылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қана­ғаттандыратын тың бағдар­лама. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.

Мектепке дейінгі білім беру – бұл жалпы мәдени, ұлттық құндылықтар негізінде балалар­дың үйлесімді дамуы, баланы жалпы орта білім берудің бас­тауыш сатысына дайындау, қоғамдық өмірге белсенді қатысу үшін қажетті жағдайлар жасау, олардың қажеттіліктерін қа­на­ғаттандыру мақсатында құ­ры­латын білім беру ұйымы. Бала­бақша – балаларды қоғамда өмір сүруге үйрететін алғашқы әлеу­меттік институт. Дәл осы жерде баланың қоршаған адамдармен дербес байланысы жүзеге асады, ол қарым-қатынас жасауды және өзара әрекеттесуді үйренеді.

Қазіргі уақытта ғылыми зерт­теу­лер саласында, білім беру жүйесінде болып жатқан өз­ге­ріс­тер мектепке дейінгі ұйым­­дардың алдында бала тұл­ға­сын жан-жақты дамыту, баланы жоғары сапалы дең­гей­де тәрбиелеу міндеттерін қоя­ды. Бұл міндеттерді шешу жаңартылған білім мазмұны арқылы жүзеге аспақ. Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәр­бие­леудің әдістері мен тәсіл­дерін қайта қарастыру. Сондық­тан мектепке дейінгі білім беру үрдісінің мазмұны жаңа әдіс­­тер мен педагогикалық техноло­гия­ларды қолданумен ерекшеленеді.

Балабақшада педагогикалық процесті ұйымдастыруда ұлт­тық құндылықтар және бала­ның тұлғалық құзыретті­лігін дамыту мәселесі негізге алына­ды. «Денсаулық», «Коммуни­кация», «Таным», «Шығарма­шылық», «Әлеумет» атты білім беру бағыттарында инновация­лық технологиялар мен ұлттық тәрбие үлгілері кіріктіріліп, заманауи талаптарға сай пайдаланылады. Заманауи теноло­гиялар мен әдістерді пайда­лану балалардың қызығу­шы­лы­ғын оятады. Мысалы, «Шығармашылық» білім беру бағыты бойынша балалардың шығармашылық әрекетін ұйым­дастыру барысында бел­сен­ді әдістерді қолдануға болады. Атап айтсақ, миға шaбуыл, диa­л­oг, тoптық шығармашылық жұ­мыс, пaзл, cинквeйн және т.б.

Мектепке дейінгі білім беру­дің педагогикалық үрдісін­де жиі қолданылатын әдістердің бірі – ойын. Ойын – мектепке дейінгі жастағы бала қыз­меті­нің жетекші түрі, тиімді әдісі және балалардың сөйлеу белсенділігін ынталандыратын оқыту мен тәрбиелеудің бір түрі. Тілді дамыту отбасында, балабақшада және мектеп­те әртүрлі пәндердің инте­гра­ция­лық байланысы негізінде жүзеге асады. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған са­йын бала айналадағы адамдармен, құрдастарымен белсенді түрде сөздік қатынас жасайды. Баланың тілін дамытуда ойынның маңызы ерекше. Баланың қоршаған ортаны тануы, еңбекке қатынасы, пси­хологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Дидак­тикалық ойындар арқылы балалар қоршаған ортадағы заттармен танысып, қасиеті мен сапасын ажыратуға, әртүрлі құбылыстардың ерекшеліктерін білуге талпыныс жасайды, өзіне қажетті көптеген мәлімет жинайды және олардың сөздік қоры кеңейеді. Л.Выготскийдің айтуынша, ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы.

Балабақшада лего-конструктор мектепке дейінгі мекемелер жұмысында жаңа бағыт болып табылады. Бұл – тек қана құ­растыру ғана емес, сонымен қатар мектепке дейінгі жастағы бала­лардың техникалық дағды­ларын, ұжымда жұмыс істей алу іскерлігін дамыту құралы. Құрастыру кезін­де ұсақ моторикасымен бірге бала­ның ойлау қабілеті дамиды. Лего ар­қылы оқыту ойын түрінде жүзеге асады. Құрастырмалар жеңіл болғандықтан оларды кез келген кеңістікте пайдалануға бола­ды. Мәселен, үстел үстін­де, кілемшенің үстінде. Бала өзін еркін сезіне отырып, құрас­тыр­маларын жалғыз немесе топпен де, жұппен де құрай алады. Конструкторлар бала­ның үйлесімді және жан-жақ­ты дамуына көмектеседі. Конс­трук­­тілеу мен робототехни­ка – жаңа заманауи бағыт. Бұл әре­кеттің түрі баланың шы­ғар­машылық қабілеттерін да­мы­тады. Конструктордың көмегі­мен балалар қиялын іске асыра алады, өзінің қайталанбас әлемін құрады, күрделі физика­лық және геометриялық заңдар­ды меңгереді, моториканы, қи­мылдарды үйлестіруді, көз өл­ше­гіштерді дамыта алады.

Сонымен қатар заманауи әдіс­тердің бірі – aрт-терапия әдісі. Арт-терапия жаттығулары бала­­ға өзінің шығармашылық қа­бі­ле­тін ашуға мүмкіндік бе­ре­ді. Арт-терапия бейнелеу, мү­сін­­деу, музыка өнерінің элемент­­терін қолдану арқылы ұйымдастырылады.

Баланың қоршаған ортадағы шынайылықты суреттеуі, мүсін­деуі, құрастыруы бейнелеу өнері арқылы жүзеге асады. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту құралы ретінде сурет салуды қарастырып көрейік. Су­рет­тердің тақырыбы әртүрлі болуы мүмкін. Балалар өздері қы­зық­қан суреттерді салады. Пе­да­гогикалық процесте балаларды сурет салуға үйретудің әртүрлі әдістері қалыптасқан. Олар былай топтастырылады: құммен сурет салу, бастырма, бір бастырма, нүкте арқылы сурет салу, әртүрлі заттарды пай­да­лану арқылы далаппен сурет салу, сия тамшысымен сурет салу, жіппен сурет салу және т.б. Мысалы, сәбилер тобында балалар алақанмен, бастырмамен, саусақпен сурет салуды үйренсе, ересек топтарда қағаз­ды екіге бүктеу арқылы, түтік­шемен үрлеу, шашырату әдісі­мен, далаппен салуды және жіпті, жапырақтарды қолданып сурет салуды үйренеді.

Қызықты әдістердің бірі – құммен сурет салу. Бұл – бү­гінгі білім беру жүйесінің ин­но­вациялық әдістерінің бірі. Құм­ды алақанымен ұстаған кезде бала белгілі бір шексіздікті сезінеді. Р.Паранюшкиннің айтуынша, құм адам бойындағы жағымсыз энергияны тазартады, адамға позитивті психоло­гиялық ахуал сыйлайды.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой-толға­ныс кезеңдерiнен түзiледi. Осы техно­логияны тәрбиешілер әр сабақ­тың ерекшелiгiне қарай қол­дануына болады: бес жолды өлең, Венн диаграммасы, еркiн жазу, миға шабуыл және т.б. Мон­тессори әдістемесі бала­бақ­шаның педагогикалық процесі­нің маңызды бөлігіне айналды.

Қорыта айтқанда, мектепке дейінгі кезеңде білім берудің мазмұнын жаңарту – бұл ең алдымен «құзыретті тұлға» ұғымының басты мағынасын ашу, білім беру үдерістерін дұрыс талдау, білім беру сапа­сын арттыруға мүмкіндік бере­тін жаңа инновациялық техно­ло­­гия­ларды қолдана білу.

 

Ділдайым ҚАЛЫҚҰЛОВА,

«Қарлығаш» балабақшасының жоғары санатты тәрбиешісі

Түркістан облысы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ