фото: ашық дереккөз
Жамбыл облысындағы Аспара станциясындағы жүк вагондары рельстен шығып кетті, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Компанияның мәліметінше, жүк вагондары жолдан бүгін сағат 01:05-те Түрксіб-Шу учаскесінің Аспара станциясында шығып кеткен. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аталған жағдай жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне әсер етті. Барлық пойыз ауыз сумен қамтамасыз етілген, вагон-мейрамханалар жұмыс істеп тұр, – делінген компания хабарламасында.
Болған жағдайдың себептерін анықтау үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ында арнайы комиссиясы құрылды.
