Астанада тамыз кеңесінің пленарлық отырыс өтті

0
423

Бүгін Астана қаласы және Республика педагогтеріне арналған «Әділетті Қазақстан: Адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» тақырыбы аясында «Жайлы инфрақұрылымды қалыптастыру» бағыты бойынша тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Жиынға офлайн және онлайн режимде мемлекеттік және жекеменшік ұйымдардың басшылары, еңбек ардагерлері, педагогтер, өңірлерден келген әкімнің орынбасарлары, мәслихат хатшылары, білім, экономика, құрылыс, қазынашылық басқармаларының басшылары қатысты.

Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт: Астанада тамыз кеңесінің пленарлық отырыс өтті

Сессияның негізгі спикерлері ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова және Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев болды. Олар жиынға онлайн трансляция арқылы қатысты.

Ал білім беру жүйесіндегі табыстың құпияларымен шетелдік спикерлер доктор, профессор, Сингапур мемлекетінің білім саласындағы халықаралық сарапшысы David Ng және TKVG білім беру технологы, Эстония мұғалімдерін оқыту бойынша жаттықтырушы Людмила Рождественская өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт: Астанада тамыз кеңесінің пленарлық отырыс өтті

Биыл республикалық тамыз кеңесі жаңа форматта жүргізілді. 20 аймақтың барлығы тақырыптық бағыттарға бөлінді.

2019 жылы тамыз кеңесіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан болатын. Бүгін де Президент білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесіне қатысушыларға құттықтау жолдады. Президент құттықтауын Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова оқып берді.

Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт: Астанада тамыз кеңесінің пленарлық отырыс өтті

«Сіздерді білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа оқу жылы қарсаңында педагог мамандардың басын қосып, өскелең ұрпаққа білім, тәрбие беру мәселесіне қатысты алқалы жиын өткізу игі дәстүрге айналды. Бұл – еліміздің болашағына ықпал ететін маңызды басқосу. Сапалы білім беру бәсекеге қабілетті, өркениетті ел болудың кепілі. Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы ілім, ғылымның жемісі екендігі сөзсіз. Сауатты ұрпақ өсіру арқылы ғана ұлттың жаңа сапасын қалыптастыра аламыз. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Мектептің жаны мұғалім, мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы», деген. Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың білімді, еңбекқор әрі отаншыл болуына байланысты», – деді Мемлекет басшысы құттықтауында.

Іс-шара барысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бүгінде Ұлттық платформа негізінде мұғалімдерді аттестациялау процесі автоматтандырылып жатқанын, сонымен қатар педагогика мен оқыту әдістемесі бойынша тестілеу алынып тасталғанын атап өтті.

«Енді мұғалімнің қызметі туралы барлық ақпарат оның жеке кабинетінде жинақталатын болады. Сонымен бірге жаңа оқу жылынан бастап педагогика мен оқыту әдістемесі бойынша тестілеу алынып тасталынады. Мұғалім тек өзі сабақ беретін пәні бойынша тестілеуден өтеді», – деді Ғани Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға кәсіби мамандарды тарту мақсатында осы жылдың қыркүйек айынан бастап тәрбиешілердің еңбекақысы 30 пайызға өседі.

Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт: Астанада тамыз кеңесінің пленарлық отырыс өтті

Сондай-ақ алғаш рет ауылдық және шағын жинақты мектептерді қолдау жұмыстары қолға алынды.

«Бұл жоба пилоттық режимде Ақтөбе облысында жүзеге асырыла бастады. Оның мақсаты – инновациялық әдістерді пайдалана отырып, ауылдық және қалалық мектептер арасындағы білім беру сапасы алшақтығын қысқарту», – деді Оқу-ағарту министрі.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізіліп келеді. Биылдың өзінде 12 апатты және 29 үш ауысымды мектепті қысқарту мақсатында 132 мың оқушыға арналған 154 мектеп салынады. Келесі жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында 461 мың оқушыға арналған тағы 217 мектеп пайдалануға беріледі.

Жиын кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова биыл мемлекеттік грантқа үміткерлердің 25 пайызы педагогикалық мамандықты таңдағанын айтты.

«Биыл мен үшін ең жақсы жаңалықтардың бірі – жастардың көпшілі мұғалім мамандығын таңдағанда. Яғни, бұл мұғалім мәртебесінің іс жүзінде көтерілгенінің айғағы болады. Тек биылдың өзінде ғана мемлекеттік грантқа үміткерледің әрбір төртіншісі, сонымен қатар 1,5 мыңнан астам Алтын белгі иегері мұғалім болғысы келді. Естеріңізде болса, осыдан не бәрі 5 жыл бұрын педагогикалық мамандықтарға талапкерлер 50 балмен түссе, бүгінде шекті балл – 111», – деді Тамара Дүйсенова Білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде.

Тамара Дүйсенова оқу жылының ұзақтығы 25 мамырға қайта ауысатынын мәлімдеді.

«Оқу жылының ұзақтығына қатысты өз ойымды айтқым келеді. Осы мәселеге қатысты қоғамда түрлі пікірлер болды. Педагогикалық қауымдастық ұсыныстарын да айтты. Бұл әлемдік тәжірибе екенін мойындау керек. Алайда мұндай өзгеріске тыңғылықты дайындалу керек. Менің ойымша, министрліктің шешімі дұрыс болды, бірақ асығыс қабылданды. Осыған байланысты келе жатқан оқу жылын 34 апталық оқу жылына қайтарып, сабақты 25 мамырда аяқтау дұрыс деп есептеймін», – деді Дүйсенова тамыз кеңесінде.

Бірыңғай республикалық пленарлық сессияны модератор ретінде ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жүргізді.

Сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт: Астанада тамыз кеңесінің пленарлық отырыс өтті

Іскерлік бағдарлама барысында қатысушылар білім беру саласындағы басты үрдістерді, сапалы білім берудің қолжетімділігін, сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысын талқылады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ