Азаматтардың қаржылық сауатын арттыру үшін жұмыс істейміз

0
41
фото: Halyq Uni

Банкрот деп танылған 10 мыңға жуық азаматтың несиесі кешірілді. Бұл – шамамен 20 миллиард теңгедей қаржы, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Жеке тұлғалардан 86 мың өтініш түскен. Оның жартысынан көбі мақұлданбаған. Себебі бұл азаматтардың берешегін кешіктіріп төлеу мерзімі 12 айдан аспаған.

Банкте несие рәсімдеген құжатын да жоғалтып, сергелдеңге түскендері бар. Ал енді не өзінде, не отбасы мүшелерінде тіркеуде мүлкі барларының өтініші мақұлданбаған.

Айта кетейік, «Жеке тұлғаларды банкрот деп тану туралы» заң былтырдан бастап күшіне енген. Бұл санатқа кіргендер 5 жылға дейін банктен несие ала алмайды. Сондай-ақ оның қаржы ахуалына 3 жыл бойы бақылау жүргізіледі. 7 жыл ішінде өзін қайтадан банкрот деп жариялай алмайды.

9 871 қазақстандықтың несиесі кешірілді. Соның ішінде 944 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Енді бұл азаматтардың қаржылық сауатын арттыру үшін жұмыс істейміз, – деді Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ