Азияның алғашқы алтыны
60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева топ жарды.
Қазақстан құрамасы қоржынына Азия чемпионатының алғашқы алтын жүлдесі түсті, – деп хабарлайды Amsports.kz сайты.
60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева топ жарды. Отандасымыз финалда қытайлық Ли Циангтан айласын асырды.
Қазақстандық боксшы финалға дейінгі екі қарсыласын да техникалық нокаутпен жеңіп шыққан болатын.
Виктория Графеева боксқа 17 жасында келген. Оған дейін жеңіл атлетикамен айналысқан.