ЖАНАМЫН ДЕГЕН ЖАНДАРҒА ОТ БЕРЕДІ

0
216
Соңғы жылдары «Еңбек» бағдарламасы аясында 1 млн 225 мың теңгеден астам сомада өтеусіз грант алып, өзі армандаған кәсібін ашып, несібесін тауып жатқандар жетерлік. Мысалы, аталған бағдарлама қабылданғалы оған елімізде 649 мың адам қатысқан болса, соның 437,3 мыңы жұмысқа орналасып үлгерген. Ал 319,2 мыңы тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға 12,7 мың шағын несие және жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 44,9 мың қайтарымсыз мемлекеттік грант берілген. Қысқа мерзімді оқыту курстарына 18,7 мың адам жіберілген. Ал ауданға келер болсақ, мемлекеттік бағдарлама бойынша 4 млрд 260,3 млн теңгені құрайтын 631 жоба шағын несие және грант қаражатын алды. Жобалық құны 13 млрд 289 млн. теңгені құрайтын 35 инвестициялық жоба жүзеге асырылу жоспарланып, 1 млрд 332 млн теңгені құрайтын 16 жоба іске қосылды.

Мақаланы мемлекеттік бағдарламалар арқылы бөлінген қаражат пен сол несие қолдаулары бағытталған жобалар бойынша тарқатсақ.«Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы – бұл бұрын беймәлім болып келген, сынағы ауыр, сыры мол бизнес әлемінің қыр-сырын мейлінше меңгертуге септігін тигізетін бағдарлама. Жұмыс істеймін деп талпынған жанға кәсіптің аз емес екені белгілі. Әсіресе, табиғаты тамылжыған Шиелі ауданында ауыл шаруашылығы саласында мүмкіндік аз емес. Аттылы мал бағып, алтын дән тербетуге әбден болады. Халыққа қызмет көрсету саласында да сұраныс жетіп артылады. Тек қана «Адал еңбегіммен ырыздығымды молайтамын» деген ниет пен ынта болса жеткілікті. Осы орайда мемлекет тарапынан зор көмек көрсетіліп отырғанын айта кетудің артықтығы болмас. Ауданда аталған бағдарлама аясында өткен жылы 59 жобаға 856 млн теңге қаржы несие қаралған. Бұл жобалар бойынша алынған несиелер мемлекет тарапынан субсидияланғанын да атай кеткен артық болмас. Сонмен қатар тек несие қаражатына ғана қарап қалмай, жаңаша жобаларды ұсынып, бизнесті дамыту және қолдау мемлекеттік бағдарламасының грант қаражаты есебінен 3 жоба қабылданып, 11 млн теңге бөлінген. Енді аталған жобалар бойынша бөлінген несие қаражаттары қандай кәсіпке бағытталғанына назар салсақ. Мәселен жоғарыдағы көптеген жобалардың біріне Тұран ауылдық округінен жеке кәсіпкерге ұлттық нақыштағы саптама етік тігу өндірісі үшін 3 млн теңге, Шиелі кентінен «Мега Партс КЗ» ЖШС-іне «Индукциялық пеш арқылы темір бұйымдарын өндіру» жұмысына 3 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген. Ал «Зико» жеке кәсіпкерлігіне жаңа құрылыс материалы «лего-блок» өндірісі жобасына 5 млн теңге қаржы мақұлданған. Кәсіпкерлерге несие қолжетімділігін ұсынушы несие серіктестері «Наурыз-Дем» ЖШС арқылы 22 жобаға 596,2 млн теңге, Қызылорда Өңірлік инвестиция орталығы арқылы 18 жобаға 90 млн теңге, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 81 жобаға 1 млрд. 290 млн теңге, «Сырдария-1» несие серіктестігі арқылы ауылшаруашылығын дамыту мақсатында 5 жобаға 274 млн теңге, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 5 жобаға 32 млн 520 мың теңге.
Бұрынғы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бүгінде жаңаша атауға ие «Ұлттық жоба» аясында 381 жобаның гранты мақұлданып, 446,8 млн теңге қаржатпен тұрғындар шағын кәсібін ашты.
Осындай мемлекеттік бағдарламалар талабы бар жанның табысын еселеп, өз кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан ел ішіндегі жұмыссыздықтың азаюына септігін тигізіп келеді. ­Ауданда мемлекеттік бағдарламалар бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің саны артып, нәтижесінде жұмыссыздар саны жылдан-жылға қысқаруда.
Айта кету керек, өткен жылы ауданда жұмыссыздық деңгейі 5,0 процентті құрады.
Аудандық кәсіпкерлік,өнеркәсіп және туризм бөлімінен алған қолда бар деректер бойынша жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламалар және инвестициялық қаражаттар арқылы кәсібін дөңгелетіп отырғандарды атап өтсек. Мәселен «Арсен» жеке кәсіпкерлігі наубайхана ашуға 8 млн теңге, «Ажмитова» ЖК кафе және наубайхана ашуға 100 млн теңге, «Ұлытау Агро» шаруа қожалығы тамшылатып суару арқылы бақша дақылдарын және жоңышқа өсіру үшін 20 млн теңге, «Бупежанова» ЖК әк зауытын кеңейтуге 50 млн теңге, «Нұрым» жеке кәсіпкерлігі шлакаблок өндіру жұмыстарына 12 млн теңге, дәл осындай «Жансаулет» жеке кәсіп иесі шлакаблок өндіру жұмыстарына 4 млн теңге, «Нұр» жеке кәсіпкерлігі «Terrace» қоғамдық тамақтану орнын ашуға 100 млн теңге, «Тогаева» жеке кәсіпкерлігіне «Техникалық қызмет көрсету орталығы» үшін 30 млн теңге, «Қожақов» жеке кәсіп иесі «Океан» қонақ үй құрылысына 100 млн теңге, «Таусамалы-2» жеке кәсіпкерлігі желімдеу орталығын ашу үшін 8 млн теңге, Досымов Дәулет Нұрмағанбетұлы қоғамдық монша құрылысына 70 млн теңге, «Мухамбетова» жеке кәсіпкерлігі сауда үйі үшін (Светофор) 120 млн теңге, «Абылайхан» жеке кәсіпкерлігі сауда үйінің құрылысына 80 млн теңге, «Алибаева» жеке кәсіпкерлігі бизнес ғимаратының құрылысына 150 млн теңге, «Дәуренбеков» жеке кәсіпкерлігі «Grand Damdi» қоғамдық тамақтану орны үшін 130 млн теңге, «KUTAU SP» ЖШС қиыршық тас зауытына 350 млн теңге өз қаражаттары есебінен ­инвестиция салынған.
Сонымен қатар, биылғы жылы ауданда құрылыс жабдықтарын өндіру бағытында 2 ірі инвистициялық жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Шиелі Dolomit» ЖШС-ның Мыңбұлақ кенішіндегі қиыршық тас өндіру зауыты биыл жыл ортасына дейін іске қосылмақ. Зауыттың жоба құны 1 млрд. 316 млн. теңге. Қуаттылығы жылына 1,3 млн тонна. Аталған зауыт іске қосылған жағдайда жаңадан 90 адам жұмыспен қамтылмақ. Ал «ADK GROUP KAZAKSTAN» ЖШС-нің әк өндіру зауытының жоба құны 2 млрд теңгені құрайды. Зауыттың жалпы қуаттылығы тәулігіне 200 тонна әк өндіреді деп күтілуде. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, өндіріс орны жыл соңына дейін іске қосылған жағдайда жаңадан 120 адамды жұмыспен қамту көзделген.
Дархан БАЙТІЛЕС

ПІКІР ҚАЛДЫРУ